Қазақстанда РФ–ҚХР бағыты бойынша автожолда қозғалыс уақытша шектелді

2387
Фотосурет: freepik.com

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты түнгі уақытта қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылғы 10 қаңтар сағат 21:45-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы:

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым  аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Жолды 2026 жылғы 11 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -