Алматыда өз бетінше салынған құрылыстарды анықтау және жою жұмыстары жалғасуда

1595
Фотосурет: Gov

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан Байтұрсынов көшесі, 50 мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды DKNews.kz.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдаған. Жұмыстар белгіленген тәртіпке сәйкес толық көлемде орындалды.

Қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу барысында белгіленген талаптарды қатаң сақтаудың, сондай-ақ тиісті құжаттарды уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -