Шикізаттың орнына өңдеу: Түркістан облысында жаңа цех жұмысын бастады

1694
Фотосурет: Gov

Жетісай қаласында кәсіпкер Ақбаян Алтауова күріш өңдейтін цех ашты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қажетті жабдықтар кәсіпкердің Қытайдан тартылған 190 млн теңге көлеміндегі инвестициялық қаражаты есебінен сатып алынды.

Цехтың тәуліктік қуаттылығы — 7 тонна шикізат. Дайын өнім өңірдегі сауда нүктелерінде, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында сатылуда.

Кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда Жетісай қаласына 94,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жалпы 8 жоба жүзеге асырылды, алдағы жылдарға тағы 6 жобаны қолға алу межеленіп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -