Қатарынан бесінші финал — Бубликтің бесінші жеңісі

1573
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өткен ATP 250 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанып, мансабындағы тоғызыншы ATP титулын иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Финалда Қазақстан құрамасының көшбасшысы әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған италиялық Лоренцо Музеттиге қарсы тартысты әрі көрерменге тартымды матч өткізді. Бублик қарсыласынан айқын басым түсіп, ойынды екі сетте аяқтады — 7:6 (7:2), 6:3.

28 жастағы теннисші үшін бұл ATP турнирлеріндегі тоғызыншы жүлде болды. Айта кетерлігі, ол мансабындағы 16-финалда өнер көрсетіп, қатарынан бесінші финалда жеңіске жетіп отыр.

Гонконгтағы табыс Бубликке тарихи нәтиже әкелді: ол алғаш рет ATP рейтингінің алғашқы ондығына енеді. Осылайша, Александр Бублик Қазақстан тарихында ерлер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің топ-10 қатарына кірген тұңғыш теннисші атанды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -