Абай облысында 5 мың бас ірі қараға арналған агрожоба жүзеге асырылды

1474
Фотосурет: Gov

Абай облысының Ақсуат ауданында қуаттылығы 5 мың бас ірі қараға арналған заманауи мал бордақылау алаңы пайдалануға берілді. Нысан «Мәуліт» шаруа қожалығының базасында іске қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шаруа қожалығы 3 850 гектар аумақта орналасқан және заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген.

Қожалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – жергілікті тұрғындар мен жеке қосалқы шаруашылықтардан бұзауларды қабылдау. Бұл ауыл тұрғындарына қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп, оларды агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік тізбегіне тартуға жол ашады.

Қазіргі таңда бордақылауда 1 200 бас бұқашық бар.

Бордақылау алаңының іске қосылуы өңірде сиыр етін өндіру көлемін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Абай облысының ауыл экономикасын дамытуға қосымша серпін береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -