Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астанада екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2026 жылғы 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген елордалық Білім басқармасының хабарламасында.