Қазақстандық қыз Витебскідегі халықаралық байқауда Гран-при жеңіп алды

1540
Фотосурет: Gov

Беларусь Республикасының Витебск қаласында «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан – жалпы 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Байқауда Қазақстан атынан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курс студенті Ақерке Амалят өнер көрсетті. Ол қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.

Айта кетейік, Ақерке бұған дейін де халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі лауреаты атанған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -