«Достар серті» мюзиклі Astana Musical театрының визиттік картасы болып қала береді

1199
Фотосурет: Gov

«Astana Musical» мемлекеттік театры 1200-ден астам көрерменге «Достар серті» мюзиклін ұсынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Премьера 2016 жылдың 16 қазанында өтті, содан бері мюзикл театр репертуарына еніп, көрермен ықыласына бөленіп келеді.

Мюзиклге жаңа композициялармен қатар ХХ ғасырдың танымал әндері де енген. Олардың қатарында Ш. Қалдаяқов, Е. Хасанғалиев, «Дос-Мұқасан» туындылары мен «The Beatles» репертуарындағы кейбір әндер бар. «Достар серті» мюзиклі консерваторияға оқуға түсу үшін еліміздің түрлі аймақтарынан келген төрт жас жігіттің достығы туралы баяндайды.

Көрермен мюзиклді жыл бойы тамашалай алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -