ҰҚК БҚО бойынша МКД шенеунігін парақорлық пен контрабанда ісі бойынша ұстады

1408
Фотосурет: facebook.com/knbgovkz

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен.

Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрдтеңгені құрады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -