Алматыда АҚШ қолдауымен мәдени-ағартушылық орталық іске қосылады

1177
Фотосурет: Gov

Алматы қаласында 16 қаңтарда Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы базасында АҚШ Елшілігі мен АҚШ-тың Бас консулдығының қолдауымен, сондай-ақ жергілікті ұйымдармен серіктестікте құрылған «American Space & Makerspace» жаңа мәдени-білім беру орталығы салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ашылу рәсіміне АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін, білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мәдениет саласының белгілі қайраткерлері қатысады.

Іс-шара аясында қонақтар үшін орталықтың негізгі бағыттарын таныстыратын шолу экскурсиясы ұйымдастырылады. Онда АҚШ университеттерінде оқуды жоспарлап жүрген студенттерге арналған кеңестер, ағылшын тілі курстары мен сөйлесу клубтары, кәсіби және цифрлық дағдыны дамытуға арналған воркшоптар, сондай-ақ кәсіпкерлік, көшбасшылық және азаматтық белсенділік бағдарламалары ұсынылады. Сонымен қатар қонақтарға Makerspace аймағының мүмкіндіктері — 3D-басып шығару және дизайн, робототехника, бағдарламалау, ғылыми эксперименттер мен қолданбалы шығармашылық таныстырылады.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Назарбаев даңғылы, 43. 16 қаңтар 2026 жыл, сағат 11:00.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -