Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимі азаматтарды «күл-қара» экономикадан шығару жолындағы тиімді қадам болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
2026 жылдың басынан бастап астанада 7 мыңнан астам адам өз қызметін ресми түрде тіркеп, өзін-өзі жұмыспен қамтушы мәртебесін алды.
Жаңа режим жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, кассалық аппаратсыз және салық есептілігін тапсырусыз заңды жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
Режимді пайдалана алатын азаматтар:
- жалдамалы қызметкерлерді қолданбайтындар;
- рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне кіретін қызмет түрлерін жүзеге асыратындар, соның ішінде такси қызметі, жеке тұрғын үйді жалға беру және т.б. (Үкіметтің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысы);
- айына 300 АЕК-тен (1 297 500 тг.) артық табыс таппайтындар;
- тек алған табысынан 4% әлеуметтік төлемдерді төлейтіндер, зейнеткерлер мен студенттерге әлеуметтік төлемдер алынбайды.
Барлық есептер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы электронды форматта жүргізіледі.