Елордада полиция есірткі саудасына тосқауыл қойды
Елордада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз өткізуге қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол тыйым салынған заттарды анонимді мессенджерлер арқылы таратқан. Тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту барысында ас үй шкафтарынан және балконнан ерекше иісі бар, каннабис шайырына ұқсас сұйық консистенциядағы заты бар екі пластик ыдыс табылды. Сондай-ақ ерекше иісі бар, гашиш майына ұқсас сұйық зат құйылған 200-ден астам флакон, сондай-ақ ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті түйіршікті зат — марихуана салынған полиэтилен пакет тәркіленді.
Бұдан бөлек, пәтерден электронды таразылар мен есірткіні бөлшектеп орауға арналған бос ыдыстар анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 4 келіні құрады. Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция есірткі құралдарын сақтау, дайындау және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.