Қазақстан мен Қырғызстан төтенше жағдайлар тәуекелін азайту бағытындағы ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

979
Фотосурет: Gov

Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының директоры Джерғалбек Исакеевич Укашевтің төрағалығымен Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қалыптастыру және төтенше жағдайлардың шекарааралық тәуекелдерін төмендету мәселелеріне арналған ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Кеңеске Қырғыз Республикасының Жерді қолданбалы зерттеу жөніндегі Орталық Азия институтының директоры Болот Дүйшеналиевич Молдобеков және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС директоры Жапсарбай Сұлтанбекұлы Сұлтанбеков қатысты.

  Күн тәртібіндегі негізгі мәселе сейсмикалық сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі туралы ерте құлақтандыру мен өзара ақпарат алмасудың өңірлік жүйесін құру және оны институционалдық тұрғыдан дамыту болды. Мұндай төтенше жағдайлардың салдары шекарааралық сипатқа ие болып, өңір елдерінің халқының қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына тікелей әсер етуі мүмкін.

  Төтенше жағдайлар орталығының директоры өңірлік ерте ескерту тетігін қалыптастыру бойынша кезең кезеңімен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынды. Аталған жұмысқа Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы басшылығының тапсырмаларын орындау, бұрын қол қойылған ведомствоаралық және мемлекетаралық құжаттарды іске асыру, сондай-ақ қол жеткізілген практикалық нәтижелер кіреді. Сондай-ақ Орталықтың мемлекетаралық үйлестіруші және сараптамалық орган ретіндегі рөлі ерекше атап өтілді. Ол тәсілдерді келісуді, ұлттық жүйелерді біріктіруді және өңірлік өзара іс-қимылдың тұрақты тетіктерін дамытуды қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы тарапынан ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС директоры Жерді қолданбалы зерттеу жөніндегі Орталық Азия институты мен Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы арасында бұрын қол қойылған келісім шеңберінде ұлттық сейсмологиялық станцияларды бірыңғай өңірлік ақпараттық-талдамалық инфрақұрылымға біріктіру бойынша жүйелі әрі жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған инфрақұрылым деректермен жедел алмасуды және сейсмикалық оқиғалар туралы шынайы уақытқа барынша жақын режимде өзара хабардар етуді қамтамасыз етеді.

  Жерді қолданбалы зерттеу жөніндегі Орталық Азия институтының директоры қатысушыларды Қырғыз Республикасының аумағындағы сейсмологиялық бақылаулардың қазіргі жағдайы мен даму басымдықтары туралы хабардар етті. Атап айтқанда 2025 жылы Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының сейсмологиялық станцияларының практикалық интеграциясы жүзеге асырылғаны атап өтілді. Бұл біртұтас өңірлік мониторинг және ерте құлақтандыру кеңістігін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

  Кеңес қорытындысы бойынша тараптар өңірлік ерте құлақтандыру жүйесін жедел әрі үйлестірілген түрде дамыту қажеттігі жөніндегі ортақ ұстанымды растады, сондай-ақ мемлекетаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -