Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының жаңа бастығы тағайындалды

1100
Фотосурет: ortcom.kz

2026 жылғы 17 қаңтарда Қаныш Абубакиров Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тағайындау туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Абубакиров Қаныш Асанханұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, бұрын атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында

Бұл қызметте ол Сұлтан Камалетдиновті алмастырды.

Қаныш Абубакиров генерал-лейтенант әскери атағына ие, 2024 жылғы қаңтардан бері қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейін Қазақстанда әскери қызметке шақыру қағидалары жаңартылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -