Елорда тұрғындары мен қонақтарының жүздегені крещендік купельге шомылды

1683
Фотосурет: Gov

18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні православ христиандары басты діни мерекелердің бірі – Крещение Господне атап өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты елордада қала тұрғындары мен сенушілердің қатысуымен діни іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Діни іс-шаралар Успен кафедралды соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Елена шіркеуінде (Республика даңғылы, 12) және Серафим Саров ғибадатханасында (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) өтіп жатыр.

Жүздеген елорда тұрғыны мен қала қонақтары суға түсу үшін жаппай шомылу орындарына жиналды. Астанада мұндай шомылу орындары Есіл өзенінің сол жағалауында, «Астаналық» саябағы жағалауындағы орталық жағажай маңында арнайы мұз ойықтары жабдықталған.

Суға түсу орындары арнайы іс-шарадан кейін, сағат 20:00-ден бастап қолжетімді болып, 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді.

Шомылу орындары қауіпсіз баспалдақтармен және қоршаулармен жабдықталған. Азаматтардың ыңғайы үшін аумағы жарықтандырылып, жылыну пунктері ұйымдастырылған.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жауапты қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Қауіпсіздікке Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері тартылған. Сонымен қатар, суға түсу орындарында жедел медициналық жәрдем бригадалары кезекшілік етуде.

Құтқару бөлімшелері судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалайды. Қажет болған жағдайда мамандар азаматтарды жылыну пунктеріне орналастырып, медициналық көмек көрсетуге дайын.

Айта кетейік, діни іс-шара 19 қаңтар күні сағат 23:00-ге дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -