19 қаңтарда еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз аязды ауа - райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады.
Елдің шығысында өте қатты аяз сақталады — түнде ауа температурасы –45°C-қа дейін төмендейді. Абай облысының шығысында –40°C-қа дейін, Жетісу облысында –27°C, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында –22°C-қа дейін суық болады.

Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды:
Алматы облысында облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматы қ.: кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 40 градус қатты аяз сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 25-27 градус қатты аяз күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 22 градус қатты аяз күтіледі.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстістігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.