Алматыда заңсыз салынған пристройкаларды сүру жұмыстары жалғасуда

957
Фотосурет: Gov

Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы Ақан Сері көшесі, 18-үй мекенжайында орналасқан нысанның сүрілгені туралы хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында аталған қосалқы нысанның рұқсатсыз салынғаны анықталды.

Нысан иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2025 жылы 9 қазанда Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен нысан иесі кінәлі деп танылып, заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылды.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, бірер күн бұрын қосалқы нысанды бұзу жұмыстары сот шешімін орындау мақсатында басталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -