Шымкент гарнизонында әскери қызметшілер арасында жол қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізілді

858
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Әскери қызметшілер арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыру және әскери көлік құралдарын апатсыз пайдалану мақсатында Шымкент гарнизонында профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында әскери техника жүргізушілеріне өткен жылғы жол-көлік оқиғаларының статистикасы ұсынылып, әскери көліктерді пайдалану кезіндегі негізгі тәуекелдер мен жиі кездесетін бұзушылықтар жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар әскери автомобильдерге маусымдық техникалық қызмет көрсету тәртібі, әртүрлі жол төсемелерінде көлік жүргізудің ерекшеліктері және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау мәселелері кеңінен қамтылды.

Жоғарғы басшылықтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 35748 әскери бөлімінің жүргізушілерімен техникалық қызмет көрсету кезінде дене жарақаты мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл профилактикалық сабақтар алдағы уақытта қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына оң ықпал етеді деп сенемін, – деді әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің офицері, лейтенант Берікқали Қожайбаев.

Алдын алу шаралары аясында автокөліктердің техникалық жағдайы, жарық беру құралдарының, әйнек сүрткіштердің жұмыс істеуі, жазғы дөңгелектердің талапқа сәйкестігі, өрт сөндіргіштер мен медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы, сондай-ақ көлік құжаттарының толықтығы бойынша да түсіндірме жүргізілді.

Аталған сабақтар әскери техника қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -