22 қаңтарда «Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, оңтүстігінде – қар аралас жаңбыр, батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Республика бойынша тұман түседі, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды:
Алматы қ.: кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақмола облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.