Республикалық маңыздағы автожол барлық көлік түрлері үшін жабылды

803
Фотосурет: QazAvtoJol

Қызылорда – Түркістан автожолының жекелеген учаскелері жабылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылғы 22 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі: 
  
Қызылорда облысы:  

  • «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 1806-2055 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Түркістан облысы шекарасына дейін);

Түркістан облысы:

  •  «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 2055-2095 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысы шекарасынан Түркістан қаласына дейін);

 Жолды 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -