Орал қаласында «Senat Open 2026» республикалық спорттық шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтеді. Аталған кезең еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылатын жеті іріктеу турының бастамасы болмақ, деп хабарлайды DKNews.kz.
Алғашқы іріктеу туры Батыс Қазақстан облысының ардагерлері арасында өткізіледі. Бұл аға буын өкілдерінің шахмат спортын дамытудағы үлесін және спорттық дәстүрлердің сабақтастығын айқындайды.

«Senat Open 2026» республикалық турнирі Қазақстан Республикасында корпоративтік және бұқаралық шахмат спортын дамыту бағдарламалары аясында Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі. Турнирдің негізгі мақсаты – шахматты кеңінен насихаттау, қатысушылар қатарын кеңейту және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру.
Жарыс регламенті белгіленген тәртіппен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатұлы Әшімбаев және Қазақстан шахмат федерациясының Президенті Тимур Русланұлы Турлов тарапынан қол қойылған.

Турнирдің өткізілуі өңірдің спорттық өміріндегі маңызды оқиға болып, елімізде шахмат қозғалысының одан әрі дамуына өз үлесін қосады.