Әлем кубогының жүлдесінен бір қадам ғана қалды

1749
Фотосурет: olympickz

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отандасымыз 3000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Морозова 4:09,19 секундта мәреге жетіп, төртінші орынды иеленді.

Норвегиялық Рагне Виклунд 3:54,74 секунд уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Нидерланд спортшысы Джой Бьюн (3:56.96) еншілесе, қола медаль канадалық Валери Мальтеға (3:59.92) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Инцелльдегі жарыста 500 метр қашықтықта қазақстандық Евгений Кошкин де төртінші орын алған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -