КИМЭП Университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградаларымен қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шара университеттің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің ғылым, білім беру және университет қауымдастығын дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындауға арналды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Салтанатты жиынға оқытушылар, әкімшілік персонал және университет басшылығы қатысты. Рәсім барысында КИМЭП Университетінің қызметкерлері ғылыми-зерттеу қызметін, білім беру бағдарламаларын, академиялық инфрақұрылымды дамытуға және институционалдық үдерістерді жетілдіруге қосқан нақты үлесі үшін министрліктің төсбелгілерімен және «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.

Министрдің бағасы: КИМЭП – сапа эталоны
Құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек КИМЭП Университетінің елдің жоғары білім беру жүйесіндегі ерекше рөліне және ғылыми-зерттеу қызметіндегі көшбасшылығына арнайы тоқталды.
«КИМЭП бүгінде ұлттық жоғары білім беру жүйесінің негізгі тіректерінің бірі саналады. Отыз жылдан астам уақыт ішінде университет еліміздегі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды трансформациялық рөл атқарып, өңірдегі сапа эталонына айналды», — деді министр.
Сондай-ақ ол университет зерттеушілерінің ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалып отырғанын атап өтті.
Ғылымдағы халықаралық мойындау
Бұған дейін марапатталғандар қатарында: «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ведомстволық төсбелгісімен марапатталған доктор Чан Йан Бэнг, «Қазақстан Республикасының үздік зерттеушісі» атағын алған және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген профессоры» атанған бірқатар КИМЭП профессорлары бар.
Сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен қаржы саласының профессоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі доктор Нұрлан Оразалин World’s Top 2% Scientists рейтингіне еніп, КИМЭП Университетінің ғылыми әлеуеті халықаралық деңгейде мойындалғанын айқын көрсетті.
Биыл марапат алған профессор-оқытушылар
Аталған рәсім аясында КИМЭП Университетінің профессор-оқытушылар құрамының тағы тоғыз өкілі ведомстволық төсбелгілермен марапатталды.

«Қазақстан Республикасының ғылым саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
- Джозеф Люк, құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры
- Сергей Саяпин, құқық мектебінің профессоры
- Мира Нұрмаханова, қаржы кафедрасының профессоры, бизнес факультеті
- Эльмира Боговиева, маркетинг кафедрасының қауымдастырылған профессоры, бизнес факультеті
- Жанат Сыздыков, бухгалтерлік есеп кафедрасының ассистант-профессоры, бизнес факультеті
- Жұлдыз Смағұлова, білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы
- Мағанат Шегебаев, білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры
- Гүлнар Дадабаева, саясаттану кафедрасының профессоры, әлеуметтік ғылымдар факультеті
«Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған:
- Нұрайша Бекеева, білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ассистант-профессоры

Әкімшілік персонал да назардан тыс қалған жоқ
Министрлік тек оқытушыларды ғана емес, университеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген әкімшілік персоналдың да еңбегін атап өтті. Құттықтау хатта:
«Бұл жетістіктер ондаған жылдар бойы қалыптасқан берік институционалдық мәдениеттің, сондай-ақ университет қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығының нәтижесі. Бүгін Министрлік ерекше үлесі мен адал қызметі үшін он сегіз қызметкерді марапаттап отыр», — делінген.
Университетті дамытуға және әкімшілік қолдауға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалар:
- Увасиля Самуратова, тіркеу бөлімінің директоры
- Бакытгүл Түндікбаева, басқарушы кадрларға арналған білім беру орталығының директоры
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталғандар:
- Серіккгүл Серимова, аға бухгалтер
- Михаил Калиногорский, АЖКО техникалық директоры
- Мархаба Ибраимова, мұрағат меңгерушісі
- Зухра Алиева, оқу ісі жөніндегі проректоры кеңсесінің директоры
- Рано Пахирдинова, тіркеу бөлімі директорының орынбасары
- Раушан Қанаева, корпоративтік даму бөлімінің директоры
- Эльмира Кабиева, мансап орталығының директоры
- Динара Сағындықова, түлектермен жұмыс істеу маманы
- Ерғазы Оразалиев, спорт орталығының директоры
- Әсел Токина, жатақхана директоры
- Ажар Тастанқызы, жабдықтау бөлімінің директоры
- Юлия Әлімқұлова, виза бөлімінің жетекшісі
- Әйгерім Қайназарова, кадрлар бөлімінің директоры
- Мәлік Сасықов, абаттандыру бөлімінің бригадирі
- Талғат Смағұлов, инженерлік бөлімінің бригадирі
Ұжымдық еңбектің нәтижесі
Салтанатты рәсімді оқу жұмысы жөніндегі проректор д-р Дэмиан Ривьез және студенттік мәселелер жөніндегі декан д-р Кристофер Бриджес ашты. Олар министрлік наградалары жеке жетістіктермен қатар, КИМЭП Университеті ұжымының көпжылдық жүйелі еңбегіне берілген жоғары баға екенін атап өтті.

Рәсім марапатталғандарды құттықтаумен және университеттің ұлттық жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс білдірумен аяқталды.