Тұрғын үй, күзет және қызмет: негізгі заң Сенатқа енгізілді

1111
Фотосурет: ©️ Н.Байбулин/Сенаттың Баспасөз қызметі

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 29 қаңтарға жоспарланған Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Атап айтқанда, Бюро мүшелері «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды Палатаның алдағы отырысында қарау туралы қаулы қабылдады. Келісім ұзақ мерзімді қаржыландыруға, инвестицияларды қорғауға және ынтымақтастықтың икемді шарттарына кепілдік береді.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Бюро отырысында аталып өткендей, аталған заң арқылы ОРЕС Халықаралық Даму Қорының қарыздарын, кепілдіктерін және басқа да құралдарын алуға жәрдемдесу үшін тұрақты негіз құру арқылы Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы мен орнықты экономикалық дамуын ынталандыру көзделіп отыр.

Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылған келесі мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң. Заңның негізгі мақсаты – күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің қызметін жетілдіру, қару иелеріне қойылатын талаптарды күшейту, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін жетілдіру. Сондай-ақ заңды шамадан тыс нақтылайтын нормаларды алып тастау және оларды Үкімет актілері деңгейіне ауыстыру қарастырылған.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Сонымен қатар сенаторлар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Палатаның тұрақты Комитеттеріне бөліп берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -