Астанада «Штадлер Қазақстан» ЖШС өндірістік алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі кеңес өтті. Іс-шараға Сүйіндік Алдашевтің жетекшілігімен Сенат депутаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Тайжанов Жәнібек Жұмаұлы қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар барысында сенаторларға Ұлттық тасымалдаушыға арналған жолаушы вагондарын өндіру барысы, өндірістің локализация деңгейі және кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктері таныстырылды. Жылжымалы құрам Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып жобаланатыны, сондай-ақ тасымалдардың жайлылығын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Жаңа жолаушылар вагондары заманауи инженерлік шешімдермен жабдықталған, ұзақ мерзімді пайдалануға есептелген, сондай-ақ темір жолдардың электр жүргізілген және жүргізілмеген учаскелерінде қолдануға болады. Вагондар сыйымдылығының артықшылығы және эргономикалық интерьерімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ биыл Stadler технологиясы бойынша өндірілген жолаушылар вагондарын Астана – Алматы бағыты бойынша іске қосу жоспарланып отырғаны хабарланды.
Жасалған келісімшарт аясында 2030 жылға дейін 557 жолаушылар вагонын кезең-кезеңімен жеткізу және кейінгі сервистік қызмет көрсету көзделген.