Алматы қаласының жедел қызметтері үшін жүрек-өкпе реанимациясы бойынша тренинг өтті

946
Фотосурет: Almaty akimdigi

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында Алматы қаласының төтенше қызмет өкілдері мен альпинистер қауымдастығына арналған базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша шебердің дәрісі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараны қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.

Қатысушылар медицина бригадалары келгенге дейін алғашқы көмек көрсету дағдысын пысықтады. Оқытуды Жедел медициналық жәрдем қызметінің BLS нұсқаушылары Перизат Алдабергенова мен Аслан Шеринов жүргізді.

Аяқ-қолдың сынуы, бас жарақаты, оларды тану тәсілдері, алғашқы көмек көрсету алгоритмдері және зардап шеккендерді дұрыс бекіту жолдары сынды травматология мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қатысушылар құрысу ұстамасы мен өзге де шұғыл жағдай кезіндегі әрекетті талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -