Александра Скороходова Қазақстанның туын қайтадан биікке көтерді

1067
Фотосурет: instagram.com/_skorokhodova_a

Қазақстандық шаңғышы Италияда күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық тау шаңғысы спорты тағы бір жарқын жетістікпен қуантты. Ұлттық құрама өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен ашық Италия чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды.

Спортшы слалом дисциплинасында жоғары нәтиже көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесті. Бұл сында жеңіс италиялық Франческа Фантиге бұйырса, қола жүлде тағы бір Италия спортшысы — Валентина Филлге бұйырды.

Айта кетерлігі, Александра Скороходова бұл турнирге тыңғылықты дайындықпен келген. Бұған дейін ол FIS аясындағы халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алып, өзінің жоғары спорттық бабында екенін дәлелдеген болатын. Италиядағы күміс жүлде — сол еңбектің заңды жалғасы.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл жаңалықтың маңызы ерекше. Себебі Александра Скороходова 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиялық ойындарда Қазақстан намысын қорғайды. Италиядағы нәтижелер оның Олимпиада алдындағы дайындығы дұрыс бағытта екенін көрсетіп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -