Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары аясында Атырау облысына барып, Қазақстанның Каспий теңізі секторының солтүстік бөлігінде мұнай төгінділерін жою жұмыстарын қамтамасыз ететін Солтүстік Каспий экологиялық әрекет ету базасының (СКЭӘЕБ) қызметімен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.


Кездесу барысында ведомство басшысы Приморский және Подходной каналдарын қарап шықты. Бұл каналдар СКЭӘЕБ базасында орналасқан мұнай төгінділерін жоюға Министр аталған каналдардағы күрделі гидрологиялық жағдай мүмкін мұнай төгінділеріне жедел әрекет етуге тікелей әсер ететінін атап өтті.


Осыған байланысты ТЖМ мүдделі тараптармен бірлесе отырып, мәселені шешуге кешенді шаралар қабылдайды.