«Қауіпсіз аула» ЖПІШ барысында лицензиясыз Алкоголь тәркіленді

836
Анастасия Ким Редактор
Фотосурет: Gov

Алматыда полиция заңсыз алкоголь сатумен күресті күшейтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматыда полиция тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз алкоголь өнімдерін сату дерегін анықтады. Рейд барысында лицензиясыз сауда жасаған нысан әшкереленіп, тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиға Түрксіб ауданында тіркелген. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үй секторын аралау кезінде алкоголь өнімдерін сатуға рұқсаты жоқ сауда орнын анықтаған. Заңсыз айналымдағы алкоголь өнімдері тәркіленіп, іс материалдары сотқа жолданған.

Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тәркіленген алкоголь мемлекет кірісіне өткізілді. Кейін бұл өнімдер заңнамада белгіленген тәртіпке сай жою үшін уәкілетті органдарға тапсырылды.

Полиция өкілдерінің айтуынша, алкоголь өнімдерінің заңсыз сатылуы — тек экономикалық құқық бұзушылық емес, ол қоғамдық тәртіп пен тұрмыстық қылмыстар деңгейіне тікелей әсер етеді. Сондықтан мұндай фактілерді анықтау «Қауіпсіз аула» іс-шарасы аясындағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр.

— Жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заңсыз алкоголь айналымы қоғамдық тәртіпке кері әсер етеді, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады, — деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Айта кетейік, «Қауіпсіз аула» іс-шарасы аулалар мен тұрғын ықшам аудандарда қауіпсіз ортаны қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған. Полиция мұндай рейдтерді қала бойынша тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -