Алматыда заңсыз көші-қон деректері анықталды

935
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: polisia.kz

Алматы қаласының Бостандық ауданында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара үш күнге созылып, қала аумағындағы бірқатар нысандар қамтылды.

Үш күннің қорытындысы

Жедел-профилактикалық жұмыстың нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 135 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар:

  • 16 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды;
  • 27 адам жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына жеткізілді;
  • 23 қабылдаушы тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мәліметінше, бұл шаралар көші-қон саласындағы бақылауды күшейтуге бағытталған.

Құжатсыз жүргендер анықталды

Іс-шара барысында көші-қон полициясының қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарды анықтады. Олар СПА-салондардың бірінде және құрылыс нысанында болған.

Аталған тұлғалардың барлығы жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Полицияның басты міндеті қандай

Алматы қаласы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтің айтуынша, мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – қауіптердің алдын алу.

«Біздің басты міндетіміз – шетел азаматтарының заңсыз болуына байланысты туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу. Азаматтардың ел аумағында болу заңдылығын, тіркеу талаптарының сақталуын және қабылдаушы тараптардың жауапкершілігін тексеру арқылы қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейміз», – деді ол.

Заң талаптарын сақтау – ортақ міндет

Полиция өкілдері азаматтар мен ұйымдарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады. Құқық қорғау органдарының айтуынша, шетел азаматтарының Қазақстан аумағында заңды негізде болуы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -