Еңбек министрі ЮНИСЕФ өкілімен әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

1595
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Рашед Мұстафа Сарвармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ведомство мен халықаралық ұйым арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары қарастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ынтымақтастықтың негізгі нәтижелері атап өтілді

Министр Асқарбек Ертаев ЮНИСЕФ-ке елімізде отбасылар мен балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау саласындағы жобаларды жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Ол атаулы әлеуметтік көмекті реформалау ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі екенін атап өтті. Бұл ретте ЮНИСЕФ медиандық табысқа негізделген есептеу тәсіліне көшуге техникалық қолдау көрсетіп, мұқтаж отбасыларды қамтуды кеңейтуге ықпал етті.

Инклюзивті саясат тұжырымдамасына басымдық берілді

Кездесу барысында министр әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар туралы айтты. Атап айтқанда, мүгедектіктің дәстүрлі және медициналық модельдерінен адам құқықтарына негізделген әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшуге бағытталған Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Осы тұжырымдама аясында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

ЮНИСЕФ бірлескен жұмыстың тиімділігін жоғары бағалады

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Мұстафа Сарвар бірлескен жобалардың нәтижелілігін атап өтіп, әлеуметтік қорғау саласын дамытуға бағытталған ведомство бастамаларына жоғары баға берді.

Тараптар Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды талқылап, алдағы уақытта ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -