Тоқаев Вьетнам басшысын Тет мерекесімен құттықтады

1133
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады. Президент оны Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан вьетнамды маңызды серіктес ретінде бағалайды

Жеделхатта Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратыны атап өтілген.

Мемлекет басшысы өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ерекше мән берілетінін жазды.

Ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниет білдірілді

Президент екі елдің ортақ күш-жігері арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс тілеп, достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -