Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 48 мыңнан астам тапсырыс орындалды

704
Фотосурет: Gov

2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 48,7 мың тапсырысы орындалды. Бұл қызметтер оңалту құралдары мен әлеуметтік қолдау түрлерін алу мүмкіндігін жеңілдетуге бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қандай қызметтер көрсетілді

Портал арқылы шамамен 35,4 мың адам оңалтудың техникалық құралдарын алды, 3,6 мың адамға ымдау тілі қызметі көрсетілді, 9,1 мың адам жеке көмекші қызметін пайдаланды, ал 576 адам шипажайлық-курорттық емдеуге жолдама алды.

Оңалту құралдарының қатарында протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар бар.

Қызметті алу тәртібі жеңілдетілген

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталады, ал құралдарды жеткізіп беру немесе өздігінен алып кету қарастырылған.

Порталда мыңдаған жеткізуші тіркелген

Қазіргі уақытта Порталда 612 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1041 оңалту құралдарын жеткізуші, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 776 ымдау тілі қызметін ұсынушы және 130 шипажайлық-курорттық ұйым тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша кеңестерді азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -