Алматыда ойын-сауық орнында тәртіп бұзған азамат ұсталды

825
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: polisia.kz

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы ойын-сауық орындарының бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелді. Оқиғаға келушілердің бірінің азаматтардың тыныштығын бұзуы себеп болған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға орнына полиция шақырылды

Хабарлама түскеннен кейін мекемеге полиция жасағы жіберілді. Қызметтік міндетін атқарып жүрген тәртіп сақшыларына құқық бұзушы азамат заңды талаптарға бағынбай, қарсылық көрсеткен.

Қылмыстық іс қозғалды

Азамат Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, жиналған материалдар негізінде қылмыстық іс қозғалды.

— Қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету — бұл жай ғана тәртіп бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет. Полицияның барлық заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс. Мұндай фактілерге қағидатты құқықтық баға беріледі», — деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Полиция азаматтарға үндеу жасады

Алматы қаласының полициясы тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауға шақырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -