Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалық жағдайы қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мәліметке сәйкес, ақпан айының басынан бері бағаның орташа өсу индексі 0,5% құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе төмен.
Баға өсімі жоғары өңірлер анықталды
Президенттің инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлердегі жағдай апта сайын талқыланып отыр.


Жыл басынан бері ең жоғары өсім Маңғыстау облысында тіркелді. Өсім 2% болды. Түркістан облысында 1,4% деңгейінде қалыптасты.
Маңғыстауда көкөніс тапшылығы әсер етті
Маңғыстау облысында бағаның өсуі бірқатар өнімдер бойынша байқалды.
Қызанақ қымбаттады. Сүйекті сиыр еті өсті. Айран бағасы көтерілді. Сары май қымбаттады. Картоп бағасы артты.

Өңірде ет өңдеу және сүт өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындар бар. Ұн және нан өндірісі жолға қойылған.
Алайда көкөніс өндірушілер жоқ. Негізгі себептер — күрделі логистика. Жергілікті өндірістің жеткіліксіздігі. Импортқа тәуелділік жоғары.
Сондай-ақ тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорларын нарыққа шығару баяу жүріп жатқаны айтылды.
Түркістанда өндіріс бар, бірақ шығын жоғары
Түркістан облысында баға өсімі салыстырмалы түрде төмен.
Өңірде жұмыртқа өндірушілер бар. Сүт өнімдері шығарылады. Ет және көкөніс өндірісі дамыған.
Алайда құс еті мен жұмыртқа өндірушілер арзан жемдік ұнға мұқтаж. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Үкімет нақты тапсырмалар берді
Вице-премьер өңірлердегі баға өсімінің себептерін терең талдауды тапсырды.
Сауда комитетіне жеткізу тізбегін зерттеу міндеті жүктелді. Бағаның қай кезеңде өсетінін анықтау тапсырылды.

«Еженедельно мы будем точечно рассматривать регионы, где фиксируется рост цен. Комитет торговли должен в кратчайшие сроки проанализировать ситуацию – от каналов поставок до реализации каждого вида социального продукта – чтобы определить этап возникновения удорожания и необходимые меры на центральном уровне. Регионы обязаны оперативно выявлять причины роста цен и принимать решения», — деді Серік Жұманғарин.
Тұрақтандыру шаралары күшейтіледі
Кеңес қорытындысында нақты тапсырмалар берілді.

Барлық өңірлер наурыздың соңына дейін тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорын толық сатуы тиіс.
Сауда және интеграция министрлігі ерте көкөністер жеткізілімін қамтамасыз етеді. Жеткізу наурыздың екінші жартысынан басталады.