Қаржы министрлігіне қарасты қордың экс-басшысы қамауға алынды

1078
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Gov

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады. Ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фото задержанного

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен қаражатты ұстап қалу құқығын заңсыз берген. Соның салдарынан мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Мемлекеттік мүлік төмен бағамен сатылған

Іс материалдарында мемлекеттік мүліктің төмендетілген құнмен сатылғаны айтылған. Соның салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.

Бұдан бөлек, құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелері сатылған. Осы әрекеттер нәтижесінде қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Сыбайластар да ұсталды

Құқық қорғау органдары борышкер компаниялардың меншік иесін ұстады. Оның сыбайластары да қолға түсті.

Сот санкциясымен күдіктілер Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынды. Олардың мүлкіне тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -