Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Көлік министрлігінің алқа отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жиынға Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратының өкілдері, ведомстволық ұйымдардың басшылары және жергілікті атқарушы органдар қатысты.
Конституциялық реформалар аясындағы өзгерістер
Роман Скляр отырыстың елдегі саяси трансформация және жаңа Конституция жобасын әзірлеу кезеңінде өтіп жатқанын атап өтті.
«Жаңа Конституция жобасы қоғамның белсенділігі мен саяси мәдениетін арттыру шараларын көздейтін, мемлекетіміздің дамуының сапалық жаңа деңгейін белгілейтін тұжырымдамалық жаңа құжат болып саналады», — деді ол.
Теміржол саласында ірі жобалар іске асырылды
Алқа отырысында көлік саласындағы негізгі нәтижелер қаралды.
Теміржол бағытында:
- Достық – Мойынты учаскесі іске қосылды
- Алматы стансасының айналма теміржол желісі пайдалануға берілді
- 1,5 мың шақырымнан астам жол жаңартылды
- 320 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
Автожолдарда ауқымды жұмыстар жүргізілді
Автомобиль жолдары саласында 13 мың шақырымға жуық жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аяқталған жобалар:
- Қызылорда – Жезқазған (Қызылорда облысы аумағында)
- Қалбатау – Майқапшағай
- Ұзынағаш – Отар
Авиация саласында көрсеткіштер артты
Азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті.
Әуежайлар 30 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті, ал халықаралық бағыттар желісі кеңейіп келеді.

2026 жылға арналған жоспарлар
Алдағы кезеңде ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жалғасады.
Теміржол саласында:
- «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» желілерінің құрылысы
- «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» жаңғыртуы
- «Бақты – Аягөз» жобасын жалғастыру
Автожол саласында 11 мың шақырым жол құрылысы мен реконструкциясы жоспарланған.

Соның ішінде:
- «Орталық – Батыс» жобасының белсенді кезеңі
- «Қарағанды – Жезқазған»
- «Ақтөбе – Қызылорда»
- «Бейнеу – Сексеуіл»
Порттар мен әуе инфрақұрылымы жаңғыртылады
Мультимодальды тасымалды дамыту үшін Ақтау және Құрық порттарын жаңғырту көзделген.
Әуе инфрақұрылымы бойынша:
- Астана мен Шымкентте екінші ұшу-қону жолақтары салынады
- Алматы және Ақтау әуежайлары жаңғыртылады
- Атырауда жаңа терминал салынады
- Павлодар, Арқалық әуеайлақтары жаңартылып, курорттық аймақтарда жаңа әуежайлар салынады
Әуе паркi кеңейеді
2026 жылдың соңына дейін отандық әуе компаниялары 9 жаңа ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр.
Нәтижесінде әуе паркінің саны 118 бірлікке дейін ұлғайып, жолаушылар тасымалы мен халықаралық рейстердің көлемі артады.