Астанада зейнеткерлер Алғыс айту күніне арналған мерекелік кеш өткізді

1188
Фотосурет: Gov

Елордадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс жүректен шыққан сөз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеш концерт форматында өтіп, ардагерлер көктем мерекесі қарсаңында өз өнерлерін көрерменге тарту етті.

Бірлік пен сыйластық мерекесі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – Қазақстанды ортақ үй ретінде құрметтеуге шақыру, түрлі этнос өкілдерінің достығы мен өзара сыйластығын нығайту.

Орталық басшысы Роза Байсалбаева:

«Алғыс айту күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырып отырмыз. Орталыққа жиі келетін ардагерлер өнер көрсетеді. Басқа этнос өкілдері қазақ халқына алғыстарын айтады. Орталыққа келушілер саны төрт мыңнан асады. Барлығы бір-бірімен тату-тәтті араласып тұрады. Ардагерлердің мереке қарсаңындағы көңіл күйлері тамаша», – деді.

Концерт бағдарламасы

Мерекелік кеш барысында түрлі шығармашылық нөмірлер ұсынылды:

  • «Жасар» дефиле клубының көрсетілімі
  • «Ата толғауы» домбырашылар ансамблінің орындауы
  • халық билері
  • шығармашылық қойылымдар

Сондай-ақ өзге этнос өкілдері жүрекжарды алғыс айтып, кештің ерекше атмосферасын толықтырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -