«Таза Қазақстан» – тек сыртқы келбетіміз бен өмір сүретін ортамыздың тазалығы ғана емес. «Таза Қазақстан» – ең алдымен жан дүниеміздің, ішкі болмысымыздың тазалығы, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл туралы саясаттанушы, коммуникация және медиа маманы Жандар Асан «24 KZ» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Президент бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» – көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін үнемі айтып келеді. «Таза Қазақстан» – тек сыртқы келбетіміз бен өмір сүретін ортамыздың тазалығы ғана емес. «Таза Қазақстан» – ең алдымен жан-дүниеміздің, ішкі болмысымыздың тазалығы. Ішкі әлемі кіршіксіз адам теріс қылықтар жасамайды, ізгілікке жаны жақын болады. Осындай адами асыл қасиеттерді бойына сіңірген елшіл, мемлекетшіл отандастарымыздың қатары көп болса, болашағымыз жарқын болмақ», – деп атап өткен Жандар Асан.