Максималды мөлшерлеме, толықтыру мүмкіндігі: осы көктемге депозит таңдаймыз

968
Фотосурет: Максим Золотухин /DKNews.kz

Биылғы жылдың алғашқы айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың Қазақстан банктеріндегі салымдары шамамен 28 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде 16%-ға артты. Айта кетерлігі, қазақстандықтар қаражаттарын ағымдағы шоттарда ұстағаннан гөрі, оларды жинақтауға көбірек басымдық бере бастаған: мәселен, мерзімді және жинақ салымдарының көлемі шамамен 25 трлн теңгеге жетіп, бір жылда бірден 18%-ға ұлғайды. Олардың халық салымдарының жалпы көлеміндегі үлесі рекордтық 88%-дан асты.

Қазіргі жоғары мөлшерлеме жағдайында мұндай жинақтау стратегиясы орынды болып табылады. Естеріңізге салсақ, 2026 жылғы 26 қаңтарда реттеуші орган базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды, яғни, депозиттер — инфляциядан қорғану құралы ғана емес, сонымен қатар табыс көзі.

Бүгін қазақстандықтар арасында кең тараған, жоғары мөлшерлемесі және толықтыру мүмкіндігі бар «қысқа» мерзімді салымдар сегментін қарастырамыз. Бұл — жинақ және мерзімді депозиттер (олардың айырмашылығы туралы төменде жеке тоқталамыз).

Сонымен, ішінара шешіп алу мүмкіндігі қарастырылмаған, бірақ толықтыруға болатын, мерзімі 3 айды құрайтын депозиттерді Қазақстандағы 13 ЕДБ ұсынады. Сегменттегі 18,5%-ды құрайтын максималды номиналды мөлшерлемені Еуразиялық Банк ұсынады. Сегменттегі максималды 20% ЖТСМ-ны 7 банк ұсынып отыр.

Енді максималды ЖТСМ-сы бар өнімдерге толығырақ тоқталайық. Ең алдымен, бұл — Еуразиялық Банк ұсынатын «Turbo Deposit Жинақтаушы» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,5%, ЖТСМ — 20%).

Одан кейін — Банк ЦентрКредиттің «Менің мақсатым» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,4%, ЖТСМ — 20%), Bank RBK-ның DREAM өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,4%, ЖТСМ — 20%), ForteBank-тің шешіп алу мүмкіндігі жоқ жинақ депозиті (номиналды мөлшерлеме — 18,4%, ЖТСМ — 20%), Kaspi Bank-тің «Жинақтаушы Kaspi Депозит» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,4%, ЖТСМ — 20%), Bereke Bank-тің «Bereke депозиті толықтырумен» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,34%, ЖТСМ — 20%) және Home Credit Bank-тің «Жинақ Хоум+» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,23%, ЖТСМ — 20%).

Қалған банктерде бұл сегмент бойынша ЖТСМ төмен.

Еуразиялық Банк-те депозитті небәрі 1 мың теңгеден бастап ашуға болады. Осындай шартты Home Credit Bank те ұсынып отыр. Ал Банк ЦентрКредит-те бұл сома тіпті 1 теңгеден басталады.

Ал қарастырылып отырған өзге банктерде бұл көрсеткіш жоғарырақ. Мәселен, Bank RBK-да салымды ашуға болатын ең төменгі сома 15 мың теңгеден, ForteBank пен Kaspi Bank-те 100 мың теңгеден, ал Bereke Bank-те 5 млн теңгеден басталады.

Өнімдерге және мұндай салым түрін ұсынатын барлық банктерге қатысты толық мәлімет ақпараттық кестеде берілген.

Жоғарыда тоқталған салым түріне оралайық. Мұнда маңызды бір жайт бар: қарастырылып отырған өнімдердің бір — жинақ, ал екіншісі — мерзімді депозиттер. Бұл дегеніміз, алғашқысына қатысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 20 млн теңгеге дейін, ал екіншісіне тек 10 млн теңгеге дейін кепілдік береді.

Аталған салымдар арасынан 20 млн теңгеге дейін кепілдендірілген жинақ өнімдеріне мыналар кіреді: Еуразиялық Банктің «Turbo Deposit Жинақтаушы», Home Credit Bank-тің «Жинақ Хоум+» өнімі және ForteBank-тің шешіп алу мүмкіндігі жоқ жинақ депозиті.

Төменде ҚДКБҚ-ның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысты мәліметтері берілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -