Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын қайтару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компаниялары орындаған 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралды.
Азаматтар әуе және жерүсті жолдары арқылы шығарылуда
Эвакуация тек әуе рейстері арқылы ғана емес, жерүсті бағыттары арқылы да жүргізіліп жатыр.
Ирандағы қазақстандық дипломаттар 6 наурызда «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 азаматты иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырды. Олар автобуспен иран-армян шекарасынан өтті.
Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
Дипломаттар эвакуация аяқталғанға дейін жұмысты жалғастырады
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Дипломаттар эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар шиеленіс аймағындағы қазақстандықтармен тұрақты байланыс сақталып отыр.