Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына және бірқатар елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға арнайы ұсыным жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Министрлік жағдай толық тұрақтанып, әскери әрекеттер толық тоқтағанға дейін өңірдің бірқатар елдеріне сапар шегуден бас тартуды қатаң түрде ұсынады.
Барудан бас тарту ұсынылған елдер
СІМ мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында қазақстандықтарға келесі мемлекеттерге бармау ұсынылады:
- Бахрейн
- Мысыр
- Израиль
- Йемен
- Иордания
- Ирак
- Иран
- Қатар
- Сауд Арабиясы Корольдігі
- Кувейт
- Ливан
- Біріккен Араб Әмірліктері
- Оман
- Сирия
Өңірде жүрген азаматтарға ескерту
Министрлік Таяу Шығыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.
Атап айтқанда:
- қауіпті аудандарға бармау
- жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындау
- зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға немесе паналау орындарына бару
- Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық мекемелерімен тұрақты байланыста болу
қажет екені ескертілді.
Сондай-ақ азаматтарға туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен байланыста болу ұсынылады.