Бүгін қазақстандықтар арасында кең тараған, жоғары мөлшерлемесі және толықтыру мүмкіндігі бар «қысқа» мерзімді салымдарды қарастырамыз.
Бұл — жинақ және мерзімді депозиттер. Мұндай ішінара шешіп алу мүмкіндігі қарастырылмаған, бірақ толықтыруға болатын, мерзімі 3 айды құрайтын депозиттерді Қазақстандағы 13 ЕДБ ұсынады. Сегменттегі 18,5%-ды құрайтын максималды номиналды мөлшерлемені Еуразиялық Банк ұсынады. Сегменттегі максималды 20% ЖТСМ-ны 7 банк ұсынып отыр.
Енді максималды ЖТСМ-сы бар өнімдерге толығырақ тоқталайық. Ең алдымен, бұл — Еуразиялық Банк ұсынатын «Turbo Deposit Жинақтаушы» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,5%, ЖТСМ — 20%).
Одан кейін — Банк ЦентрКредиттің «Менің мақсатым» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,4%, ЖТСМ — 20%), Bank RBK-ның DREAM өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,4%, ЖТСМ — 20%), ForteBank-тің шешіп алу мүмкіндігі жоқ жинақ депозиті (номиналды мөлшерлеме — 18,4%, ЖТСМ — 20%), Kaspi Bank-тің «Жинақтаушы Kaspi Депозит» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,4%, ЖТСМ — 20%), Bereke Bank-тің «Bereke депозиті толықтырумен» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,34%, ЖТСМ — 20%) және Home Credit Bank-тің «Жинақ Хоум+» өнімі (номиналды мөлшерлеме — 18,23%, ЖТСМ — 20%). Қалған банктерде бұл сегмент бойынша ЖТСМ төмен.
Еуразиялық Банк-те депозитті небәрі 1 мың теңгеден бастап ашуға болады. Осындай шартты Home Credit Bank те ұсынып отыр. Ал Банк ЦентрКредит-те бұл сома тіпті 1 теңгеден басталады. Қарастырылып отырған өзге банктерде бұл көрсеткіш жоғарырақ: Bank RBK-да 15 мың теңгеден, ForteBank пен Kaspi Bank-те 100 мың теңгеден, ал Bereke Bank-те 5 млн теңгеден басталады.
Маңызды бір жайт бар: қарастырылып отырған өнімдердің бір — жинақ, ал екіншісі — мерзімді депозиттер. Бұл дегеніміз, алғашқысына қатысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 20 млн теңгеге дейін, ал екіншісіне тек 10 млн теңгеге дейін кепілдік береді.
Аталған салымдар арасынан 20 млн теңгеге дейін кепілдендірілген жинақ өнімдеріне мыналар кіреді: Еуразиялық Банктің «Turbo Deposit Жинақтаушы», Home Credit Bank-тің «Жинақ Хоум+» өнімі және ForteBank-тің шешіп алу мүмкіндігі жоқ жинақ депозиті.