Үкіметте арнайы әлеуметтік төлемдер мәселесі қаралды

880
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында арнайы әлеуметтік төлемдерді (АӘТ) тағайындау мәселелері, «МАК» ӨСҚ» АҚ-ның 2026 жылға арналған жұмысының негізгі бағыттары және бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

21 мыңнан астам жұмыскерге арнайы төлем тағайындалған

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Илья Скуб зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау барысы туралы баяндады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген бұл қолдау шарасы 55 жастан асқан азаматтар зиянды еңбек жағдайындағы жұмысын тоқтатқан кезде беріледі.

2026 жылдың наурыз айының басындағы жағдай бойынша мұндай төлемдер 21 мыңнан астам жұмыскерге тағайындалған.

Төлем алушылар бірқатар мәселеге тап болып отыр

Комитет төрағасының айтуынша, төлем алушылар бірнеше қиындыққа тап болуда.

Атап айтқанда, жұмыс берушілер тарапынан төлемдердің бір бөлігінің кешіктірілуі, жұмыстан босату немесе басқа қызметке ауысу кезінде сақтандыру шарттарының болмауы және сақтандыру компанияларымен келісім жасау процесінің ұзаққа созылуы сияқты мәселелер бар.

Әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізу ұсынылды

Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мақсатында министрлік Әлеуметтік кодекске бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды.

Атап айтқанда, мемлекеттік еңбек инспекцияларына кәсіпорындардың арнайы әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерін тексеру функциясын беру және жұмыс берушілердің төлемдерді уақытында жүргізу жауапкершілігін күшейту жоспарланып отыр.

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» даму жоспарын таныстырды

Кеңесте «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның 2026 жылға арналған даму жоспарлары да қаралды.

Компания 2026 жылы сақтандыру сыйлықақылары түсімдерінің көлемін 13,7 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұл көрсеткішке Demeu жинақтаушы өмірді сақтандыру өнімін дамыту, зейнетақы аннуитеттерін қайта іске қосу және қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесін кеңейту арқылы қол жеткізу көзделген.

Табиғи апаттардан сақтандыру қоры құрылуы мүмкін

Министрлік мәліметінше, 2026 жылы компания базасында тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру қоры құрылуы мүмкін.

Бұл үшін жарғылық капиталды ұлғайту, нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу және Үкіметтің тиісті қаулысын әзірлеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар компания есеп беру жүйесін автоматтандыруды жалғастырып және Solvency II тәуекел-менеджментінің халықаралық стандарттарының элементтерін енгізуді көздеп отыр.

Министр нақты тапсырмалар берді

Аппараттық кеңесті қорытындылай келе, Асқарбек Ертаев министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне белгіленген жоспарлардың сапалы әрі уақытында орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Министр арнайы әлеуметтік төлемдерге қатысты мәселелерді шешуді ерекше бақылауға алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -