Теміртауда заңсыз криптоферма ұйымдастырған адам сотталды

902
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Gov

Қарағанды облысының Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тергеді.

Жасырын криптоферма ұйымдастырған

Тергеу мәліметінше, Э.Г. Толовов 2021 жылғы тамыздан бастап тиісті лицензиясыз криптовалюта өндірумен айналысқан.

Ол схеманы іске асыру үшін Ресей Федерациясынан 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, оны өз өндірістік базасына орналастырған.

Өндірілген цифрлық активтер кейін криптобиржадағы аккаунтта жинақталып, «BinancePool» және «Litecoinpool.org» майнинг пулдары арқылы сатылған. Сауда P2P-аударымдар арқылы жүргізіліп, USDT криптовалютасы теңгеге айырбасталған.

185 миллион теңгеден астам криптовалюта өндірілген

Тергеу деректеріне сәйкес, заңсыз өндірілген цифрлық активтердің жалпы көлемі 11,2 BTC және 90,2 LTC болған. Бұл шамамен 185 миллион теңгеге тең.

Сот үкімі шықты

Сот шешімімен Э.Г. Толовов бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар барлық майнинг жабдығы тәркіленіп, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңге қайтарылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -