Жергілікті билік республикалық бюджеттен берілетін дотацияларға сеніп отырмай, табысты көбейту үшін белсене жұмыс істеуге тиіс – Тоқаев

1100
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президенттің айтуынша, әкімдіктер жанындағы бюджеттік комиссиялардың құрамына білімді әрі беделді мәслихат депутаттарын қосу қажет.

Бұл қадам жұмыстың сапасын арттырып, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейтеді.

Пайдасыз жобаларға қаржы жұмсауға жол бермеу керек

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдалануға жол берілмеуі тиіс екенін атап өтті.

«Қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажет», – деді Президент.

Аймақтар дотацияға ғана сенбеуі тиіс

Мемлекет басшысы өңір басшылары республикалық бюджеттен бөлінетін дотацияларға ғана сүйеніп отырмауы керектігін айтты.

Оның пікірінше, жергілікті билік масылдық түсінігінен толықтай арылып, өз табысын арттыру бағытында белсенді жұмыс істеуі қажет.

Бюджет қабылдауда нақты нәтижелер ескерілуі керек

Президент бюджетті жоспарлау кезінде нақты экономикалық көрсеткіштер ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

Атап айтқанда, қанша жұмыс орны ашылатыны, жеке инвестиция тарту мүмкіндігі, бизнестің дамуына қандай жағдай жасалатыны және қанша салық түсетіні туралы нақты жауап болуы керек.

Әкімдіктер мен мәслихаттар бір команда ретінде жұмыс істеуі тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат депутаттары мемлекет мүддесіне қызмет ететін бір команда болуы керектігін айтты.

«Күрішті күрмектен ажырата білу қажет. Бұл – барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихаттар депутаттары, ең алдымен, мемлекет мүддесіне қызмет ететін бір ұжым, бір команда деген сөз», – деді Президент.

Әр теңге халық игілігіне жұмсалуы тиіс

Мемлекет басшысы барлық аймақтың мәслихаттары мен әкімдіктері бірлесіп, бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етуі керек екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бюджеттің әр теңгесі ел игілігіне қызмет етуі тиіс.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -