Ел азаматтары жаппай референдумға қатысуда

1089
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Gov

Қазақстанның барлық өңірлерінде республикалық референдумға халық белсенді қатысып жатыр. Азаматтардың көптеп келуі мемлекет болашағына деген жауапкершілік пен саяси белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қарағанды облысы – Теміртау қаласы

#307 сайлау учаскесінде таң атқалы халық ағылып келеді. Учаскеге келушілер саны сәт сайын көбейіп, дауыс беру процесі қарқынды жүріп жатыр.

Павлодар қаласы

#476 сайлау учаскесінде тұрғындар үздіксіз келіп, ұйымдасқан түрде өз таңдауын жасап жатыр. Белсенділік елдің ертеңіне деген үмітін көрсетеді.

Маңғыстау облысы – Қарақия ауданы

Маңғыстауда да таң атқалы дауыс беру қарқынды. Азаматтар жеке және ұжымдық түрде ұйымдасқан келіп, жаңа Конституция жобасына қатысты шешім қабылдауда.

Түркістан облысы

Түркістанда жаңа Конституция жобасына дауыс беруге асыққан жұрт кезекте тұр, өз таңдауларын жасауға ниетті. Олар елде оң өзгерістерге үміт артып отыр.

Айта кетейік, дауыс беру бүгін түнгі 20:00-ге дейін жалғасады.

Бұл көріністер қазақстандықтардың мемлекет болашағына бей-жай қарамай, белсенді қатысып жатқанын айқын көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -