Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда азаматтардың қатысуы төмендегідей, деп хабарлайды DKNews.kz:

- Абай облысы – 61,04%
- Ақмола облысы – 60,05%
- Ақтөбе облысы – 61,37%
- Алматы облысы – 56,13%
- Атырау облысы – 56,54%
- Батыс Қазақстан облысы – 49,97%
- Жамбыл облысы – 51,13%
- Жетісу облысы – 59,82%
- Қарағанды облысы – 57,32%
- Қостанай облысы – 56,51%
- Қызылорда облысы – 64,63%
- Маңғыстау облысы – 53,14%
- Павлодар облысы – 53,31%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 52,37%
- Түркістан облысы – 58,03%
- Ұлытау облысы – 52,06%
- Шығыс Қазақстан облысы – 59,60%
- Астана қаласы – 40,68%
- Алматы қаласы – 21,68%
- Шымкент қаласы – 58,24%
Жалпы көрсеткіш
Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 471 378 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 51,93%-ын құрайды.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабы 2 тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс берсе, референдум өткізілген деп саналады.
Яғни, қазіргі деректер бойынша республикалық референдум өткізілген болып саналады, себебі жалпы белсенділік жартыдан асып отыр.