Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат
Сапар Түркі дүниесінің рухани және тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.


Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым жасады.
Музей-қорықтағы жұмыс
Президентке «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде ақпарат берілді.
Бұл сапар тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау бағытындағы маңызды іс-шара болып отыр.