Қазақстанда Дүниежүзілік ауыз қуысының саулығы күніне орай ауқымды профилактикалық науқан жүргізілуде. Елдің барлық өңірінде балалар мен жасөспірімдерге стоматологиялық ауруларды ерте алдын алу бойынша білім беру және медициналық тексерулер ұйымдастырылған, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ел бойынша охват
Қазіргі таңда:
- 60 мыңнан астам бала мен жасөспірім мамандардың консультациясынан өтті
- 600-ден астам стоматолог акцияға тартылды
- 200-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді
Науқанға медициналық университеттер, бейіндік қауымдастықтар, мемлекеттік және жеке клиникалар белсенді қатысып жатыр.
Өңірлерде балалардың қамтылуы
- Алматы – 12 мыңнан астам бала
- Солтүстік Қазақстан облысы – 11 мыңнан астам
- Алматы облысы – 9 мыңға жуық
- Павлодар облысы – 6 мыңға жуық
- Астана – 5 мыңнан астам бала
Алдын алу тиімділігі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы стоматологиялық аурулардың 90%-ын негізгі гигиенаны сақтау арқылы алдын алуға болатынын атап көрсетеді.


Балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық шаралардың күшеюі тісжегі деңгейінің өсуімен байланысты:
- 6 жасар балаларда тісжегінің деңгейі 2016 жылы 74,2%-дан 2024 жылы 86%-ға дейін өсті
- 15 жастағы жасөспірімдер арасында – 75%-дан 87%-ға дейін
«Болашақ-сау тіспен» бағдарламасы
Бағдарламаның аясында:
- 17 өңірде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
- 2028 жылдың соңына дейін 1000 және одан да көп оқушысы бар мектептерде 987 кабинет ашу жоспарлануда
Бағдарлама мектеп оқушыларының ауыз қуысының саулығын сақтау және стоматологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған.